Жаңалықтар

«АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ АҚТАҢГЕРІ»

«АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ АҚТАҢГЕРІ»

⚜️Бүгін кітапханамызда айтыскер ақын, Қазақстан,Өзбекстан,Қырғызстан елдері Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық АПЭУ ақындар ұйымының координаторы Бөрібай Оразымбетовтың 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті.

⚜️Кеш шымылдығы кітапхана директоры, ф.ғ.к Анар Абусайылқызының алғысөзімен ашылып, айтыскер ақын, кітапхана қызметкері Мейіржан Жақыптың арнауымен жалғасты.

⚜️Келесі кезекте сөз алған шарамыздың қонақтары айтыскер ақын, “Мәдениет саласының үздігі” Карима Оралова, “Жылдың үздік айтыскер ақыны”, “Мәдениет саласының үздігі” Нұрлан Есенқұлов және “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын, “Қаратау” дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуовтар мерейтой иесіне ақжарма тілектерін айтып, жылы естеліктерімен бөлісті.

⚜️Өз кезегінде Бөрібай Оразымбеттің “Көк Бөрі” ақындар клубының мүшелері де кештің куәсі болып, ақын ағаларының кешіне сән қосып отырды.

⚜️Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қырғыз елінің “Ең үздүк төкмө ақыны” номинациясымен марапатталған Айтыстың Ақ бөрісі ақындық өнердің қыр-сырымен, өлең өлкесінің тыныс-тіршілігін кеш қонақтарымен емен-жарқын бөлісіп отырды.

⚜️Әдеби кештен әсерлі әңгіме тыңдаған қонақтарымыз - студент жастар, жас ақындар, кітапхана оқырмандары.