«ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ»
«ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ»
Әл-Фараби кітапханасында ортағасырлық шығыстың ғұлама ғалымы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері және жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған «Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы» тақырыбында тарихи-сазды кеші өтті.
Ғалымдар, өнертанушылар, озық ойлы жастар мен мектеп оқушылары, кітапханашылар қауымы қатысқан мәдени іс-шарада Шымкент мәдениет үйінің қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында ғұламаның өмірі мен өнер жолына арналған күйші Н.Тілендиевтің «Аңсау» күйі орындалды.
Әбу Насыр әл-Фараби-руханият музейі ұжымы кітапханаға тарту еткен әл-Фарабидің жаңадан табылған ноталары күй болып мәртебелі оқырманға тарту етілді