Ділдәгүл Нұрмаханбеттің "Әліппе" атты көмекші оқу құралының таныстырылымы өтті
ӘЛІППЕ
Кітапханамызда "Алтын қалам" республикалық әдеби байқауының лауреаты, облыстық бірнеше байқаулардың жүлдегері, ақын, журналист, жазушы Ділдәгүл Нұрмаханбеттің "Әліппе" атты көмекші оқу құралының таныстырылымы өтті.
Кешті кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппаркулова жүргізді.
Кеш қонақтары: Шымкент, Кентау қалаларының құрметті азаматы, мәдениет майталманы М. Егембердиев, Қазақстанның Құрметті журналисі С.Нұрмағамбетов, ҚР Журналистер Одағының мүшесі К. Дүйсенбиев, журналист - жазушы Б. Қалбыр, Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы директорының м.а. Б.Умарова, әдіскері Б.Халиева, №75 мектеп - гимназиясының директор орынбасары А.Таджибаева.
Шара барысында ақын, жазушы, журналист Д.Биболатқызымен сұхбат жүргізіліп, "Болашақ" жоғары колледжінің студенттері ақынның өлеңдерін оқып, «Мыңбала» бастауыш мектеп оқушылары «Әліппе» көмекші оқу құралындағы өлеңдерді оқып, Б.Бейсенованың «Әліппе» әнін орындап, көрермендерге жақсы көңіл – күй сыйлады.