Жаңалықтар

БІР ЕЛ - БІР КІТАП

????БІР ЕЛ - БІР КІТАП????

????Бүгін кітапханамызда Ұлттық Академиялық Кітапхана бастамасымен “Бір ел -бір кітап” республикалық акциясының Шымкент қаласындағы салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы дәстүрлі акцияға балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары таңдап алынғаны жарияланды.

????”Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты салтанатты шараны кітапхана басшысы Анар Абусайылқызы алғысөзімен ашып, кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жақыповтың арнауымен жалғасты.

????Сондай-ақ, салтанатты шарада Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ашылғанына 10 жыл толып отырғаны хабарланып, алдағы уақытта мерейлі жыл аясында ірі жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті.

????Белгілі қаламгер, жазушы Шойбек Орынбай, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, ақын Бақытжан Алдияр, Дәурен Айманбетовтер шарамыздың құрметті қонағы болды.

????Салтанатты шараға қала кітапханаларының басшыла