Нармахан Бегалыұлы ағамыз 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Құрметті профессоры» ғылыми атағына ие болды
Ақын, аудармашы, журналист, баспагер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, К.Симонов атындағы медальдың, «Парасат» орденінің иегері Нармахан Бегалыұлы ағамыз 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ұстаздар ұстаханасы, білім ордасының қара шаңырағы саналатын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Құрметті профессоры» ғылыми атағына ие болды.
Табиғатынан тұнық, терең, тегеурінді ақын Нар-ағамызды бүгінгі ғылыми атағымен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толағай табыстар тілейміз.
#Alfarabikitaphanasy2023