Жаңалықтар

"Заң бәрімізге ортақ " атты заң қызметкерлерімен кездесу кеш өтті

????ЗАҢ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ????

????"Құқықтық сауаттылық" жобасы аясында "Заң бәрімізге ортақ " атты заң қызметкерлерімен кездесу кеш өтті.

????Іс-шараға Қаратау аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция майоры Алдабергенова Асылзада Оралбекқызы және полиция аға лейтенанты Тугелова Шолпан Закирбекқызы, Шымкент Универсиетінің "Құқық және тарих" кафедрасының меңгерушісі Жарылкапова Гульзагира Парменбайқызы қатысып, жастарға құқық, құқықтық сауаттылық, заң талаптарын сақтау, қазіргі қоғамда белең алып жатқан қылмыстар жайлы ой қозғады.

????Шараға қатысушы оқырмандар да ойларын ортаға салып, қонақтарға сұрақтар қойды. Шараны кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жақып жүргізіп отырды.