Жаңалықтар

"Ұлттың ұлы қазынасы" атты әдеби кеш өтті

????"Ақерке"балалар залының ұйымдастыруымен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына-130 жыл толуына орай "Ұлттың ұлы қазынасы" атты әдеби кеш өтті. Шараға № 24 жалпы орта білім беретін мектебі мен «Мың бала» жекеменшік мектебінің оқушылары қатысып, С.Торайғыровтың шығармаларынан үзінділер оқып, "Қамар сұлу" романынан үзінді қойды. Шара соңында шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.