Жаңалықтар

«Әміре-ұлы әнші, азамат» атты тақырыпта танымдық сағат өтті

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер»бөлімінің ұйымдастыруымен Әміре Қашаубаевтың туғанына – 135 жыл толуына орай «Әміре-ұлы әнші, азамат» атты тақырыпта танымдық сағат өтті.

⚜️Іс – шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі, Шымкент қаласы әзіл-сықақ және сатира театрының бас маманы, патриоттық әндер байқауының лауреаты Айтбай Әбдіхалықұлы Кенжебай . Әміре Қашаубаевтың төртінші ән байқауының лауреаты, әнші мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мәдениет және өнер» факультеті кафедрасының аға оқытушысы Гаухар Назанова, ОҚУ-дің «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері қатысты.

⚜️Шара барысында ОҚУдің студенті Мөлдір Тұрсынбаеваның орындауында Қылқобызбен күй орындады. Абылайхан Оспанов Ә.Қашаубаевтың әндерін шырқады.Кеш модераторы болған Айтбай Кенжебай мырза Әміре Қашаубаевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы көпшілікке беймәлім мол мағлұмат берді.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1440479856515325/