Жаңалықтар

«Алаш мұрасына адалдық» тақырыбында кездесу кеші өтті

Ұстаздар ұстаханасының ұлағатты ұстазы, Созақ ауданының Құрметті азаматы, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ доценті, ф.ғ.к Нұрпейісов Нариман Жұмашұлының 65 жас мерейтойына орай «Алаш мұрасына адалдық» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Шараға ұстаздар ұстаханасынан ф.ғ.к. Тоғатай Омаров бастаған ұстаздар мен Нариман Жұмашұлының бала кезден тай құлындай тебісіп өскен үзеңгілес достары,ардагер ұстаз Жораев Сұлтанбай, философия ғылымдарының кандидаты Әбжаппар Тұрашбек, география ғылымдарының кандидаты, доцент Мамадияров Марат, этнограф-ғалым Мырзабай Омар, Созақ ауданының бірқатар беделді азаматтары және филология факультетінің студенттері қатысты.

Кітапхана қызметкерлері дайындаған «Асапана туралы хикаяттар» атты жинаққа қатысты «Al-Farabi Bilim» мектебінің оқушылары оқырмандық ой-пікірін білдіріп, алғыс хаттармен марапаттталды.

Сұлтанбектанушы ғалым Нариман Жұмашұлының аяулы жары бір үзік сыр шертіп сыр-сұхбат құрса, қос қызы өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің көзайымы болды.

Кеш модераторы – кітапхана қызметкері Мейіржан Жақыпов.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1769218980245817/

#Alfarabiritaphanasy2023