Жаңалықтар

Жаңа кітаптар таныстырылымы

⚜️Бейсенбай Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, публицист, жазушы, қоғам қайраткері, сонымен қатар республикадағы жекеменшік баспагерлердің алғашқыларының бірі. Оның жетекшілігімен көптеген әдеби-көркем, тарихи, шежіре және балаларға арналған көркем, оқулық кітаптары жарық көруде.

⚜️Кітапханамызға арнайы келіп «Сырлы әлем», «Хан шатырдан-Күн шатырға саяхат», «Хан шатырындағы кездесу», «От Хан Шатыра до Солнечного дворца, или Путешествие в мир сказок» және үш тілдегі «Туған күніңмен, Айтұмсық» кітаптарын сыйға тарту етті.

⚜️Жазушы Бейсенбай Сүлейменовтың шығармалары балалар мен жасөспірімдерге арналған. Қаламгердің әр туындысы оқиғасының орамдылығымен оқырман жүрегіне төте жол табумен ерекшеленеді.

Шығармаларының тілі жатық, оқиғалары қызықты. Балалық атты ғажайып әлемге бірге саяхат жасауға жетелеп отырады.

#Alfarabikitaphanasy2023