Жаңалықтар

«Тарихы терең түркі өркениеті» атты танымдық сағат өткізілді

Түркі мемлекеттері ұйымы «2023 жыл –Түркі өркениетін дамыту жылы» деп жариялануына орай, кітапханада «Тарихы терең түркі өркениеті» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараға филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ахысқа» Түрік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары А.Г.Құрбанов және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің PhD докторы Х.Х.Таджиев қатысып, түркі халықтарының мәдени, әлеуметтік, саяси жаңғыру жайында және түркі өркениеті туралы өз ойларын ортаға салды.

Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің оқушылары шараға қатысып, көкейкестегі сұрақтарына жауап алды.

Кеш модераторы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек.

Кеш соңында «Дүние түріктерінің маршы» орындалды. Тегі бір түркі әлеміне тиесілі патриоттық шығарманың авторы Құрал Көмек, әні Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы Нұр Даутовтікі.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/288292700647022/