«Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты құқықтық сағат өтті
Кітапханамызда «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты құқықтық сағат өтті. Іс – шараға Әділет подполковнигі Сартбаев Ғалымжан Тұрғанұлы және №79 жалпы орта мектебінің мұғалімі Аманбай Нұрғазы қатысып , құқықтық сауаттылық туралы айта келіп, еліміздің әрбір азаматы құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті болуы керектігі туралы ойларын бөлісті. Шараға ОҚПУ – нің филология факультетінің студенттері қатысып, қонақтарға сұрақтар қойып , еркін форматта өз ойларын ортаға салды.