«Мәшһүр Жүсіп мұралары – халық қазынасы» тақырыбында әдеби кеш өтті
Әл-Фараби кітапханасында ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының -165 жылдығына арналған «Мәшһүр Жүсіп мұралары – халық қазынасы» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Кеш барысында терең ойлы, ұшқыр қиялды, өткір тілді, шешен сөзді, ақынның өмірі мен қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қалдырған мол мұрасы жайлы әңгіме қозғалып, шығармаларынан үзінділер оқылды.
Әдебиет сүйер қауымға арналған тағылымы мол іс-шараға ЖОО ғалымдары, ұстаздар, ойы озық студент жастар, оқушылар және кітапханашылар қатысты.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/705194451111708/