"Балалар жанының бағбаны" атты танымдық сабағы өткізілді
Бүгін кітапханамызда "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен балалар ақыны Нұрхан Жанаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Балалар жанының бағбаны" атты танымдық сабағы өткізілді.
Шара барысында №24 Саттар Ерубаев атындағы мектеп-лицейінің және №130 жалпы орта мектебінің оқушылары балалар ақыны Нұрхан ағамыздың өлеңдерінен үзінділер оқып, шығармасынан көрініс көрсетті.
Шара соңында оқырмандар күй тартып, іс-шараны сергіту сәтімен аяқтады.