Жаңалықтар

«Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық мұрасы»

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ортағасырлық шығыстың ғұлама ғалымы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері және жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған «Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық мұрасы» тақырыбында рухани кеш өтті.

????Кешке педагог, психолог ғалымдар қатысып кітапхана оқырмандарына ғұламаның баға жетпес мұрасының сырын ашты.

????Әбу Насыр әл-Фарабидің білім мен тәрбие жайлы еңбектерінен дәйексөздер оқылды.