Танысыңыздар, жаңа кітаптар!
Танысыңыздар, жаңа кітаптар!
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әдебиеттанушы-ғалым Амангелді Мамыт және ҚЖОмүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Сәменбет Нұрхан Сұлтанбайұлы кітапханамызға Шалкиіз Тіленшіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ жыраулық поэзиясының атасы» тақырыбындағы әдеби кешіне арнайы қонақ болып келіп, өз кітаптарын кітапхана сыйға тарту етті.
«Жыраулар поэзиясының өрнектері» - оқу-әдістемелік құрал, жоғары оқу орнының филология факультеттері студенттеріне жүргізілетін «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» пәнінің бағдарламасына сәйкес дайындалған.
«Ақ сүңгі» атты өлеңдер жинағында автор поэзияның ұлттық бітімін, қан-сөлін, ерекшелігін бір қырынан көрсетіп қана қоймай, ондағы ой тереңдігін, шүлендігін айқындайтын тек тіл шұрайлығы екенін аңғартады.
Alfarabikitaphanasy2023