Жаңалықтар

Талқыланған шығарма - Аягүл Маңтайдың “Жүрекке оралу” кітабы

⚜️3 қыркүйек күні “Оқитын ұлт” жобасы аясында “Оқуға құштар жас” республикалық кітап оқу байқауының Шымкент қаласы бойынша талқылауы өтті. Талқыланған шығарма - Аягүл Маңтайдың “Жүрекке оралу” кітабы. Және бұл соңғы талқылау болды.

⚜️Бұған дейін С.Торайғыровтың “Қамар сұлу”, Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз”, Р.Отарбаевтың “Біздің ауылдың амазонкалары”, Д.Исабековтің “Қарғын” романдары талқыланған болатын. Барлық шығарма байқауға қатысқан жастар арасында үлкен қызығушылықпен талқыланды, қазіргі жастардың кітап оқуға қызығушылықтары жоғары екендігі байқалады.

⚜️Байқау да өз мәресіне жетіп қалды. Ендігі соңғы тапсырма - тест тапсыру. Барлығынан мүдірмей өткен қатысушы Дубайға саяхатқа тегін жолдама алады.

⚜️Байқауды ұйымдастырушылар - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, “Даулеттен” қайырымдылық қоры, “Қазақстан студенттер Альянсы” . Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімді, талантты жастарды анықтау.

⚜️Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз және барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамыз!

#Alfarabikitaphanasy2023