«Өнер деп соққан жүрегі»
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер»бөлімінің ұйымдастыруымен «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» , композитор, әнші,сазгер Нышанбек Төлегенов 65 жасқа толуына орай «Өнер деп соққан жүрегі» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.
Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері,өнертанушы,диктор,әнші Гүлбала Әбуова, Халықаралық Физули Сыйлығының иегері, ақын Құрал Көмек ағамыз , өзге де мәдениет майталмандары және М.Әуезов атындағы ОҚУ дің мәдениет және өнер факультетінің студенттері қатысты.
Шығармашылық кеште композитор әнші, сазгер Нышанбек Төлегеновтің өнер жолы жайында сыр шертілді.
Кеш модераторы: ақын Мейіржан Жақыпов.
#Alfarabikitaphanasy2023