Бүгін кітапханамызға Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО кәсіби даму институты орта білім беру ұйымының білім алушылары келіп, кітапханамыздың тыныс тіршілігімен танысты
Бүгін кітапханамызға Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО кәсіби даму институты орта білім беру ұйымының білім алушылары келіп, кітапханамыздың тыныс тіршілігімен танысты.
Кітапханамыздың білікті мамандары келушілерді атқарылған озық жобалармен таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кітапханаға арнайы экскурсия жасалып, кітапхананың тарихы мен атқаратын негізгі қызметі жайында мәліметтер айтылды. Әлем ойшылы әл-Фарабидің өмірі жайында түсірілген бейнеролик көрсетіліп, ұлы ғалымның еңбектері таныстырылды.
#Alfarabikitaphanasy2023