Жаңалықтар

Әкім Ысқақтың "Адам — өмір дәптері" атты шығармашылық кеші өтті

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, жазушы, көші-қон туралы заңның қазақша нұсқасын жазушы, бірнеше әуезді әндердің авторы, мемлекет қайраткері Әкім Ысқақтың "Адам — өмір дәптері" атты шығармашылық кеші өтті.

????Кеш көрермендері Әкім ағаны өзінің авторлық әні "Көңіл қымбат"-пен қарсы алды. Осылайша кештің алғашқы бөлімінде Әкім ағаның сазгерлігінен туған әсем әндер шырқалды.

????Кештің екінші бөлімінде Әкім аға оқырмандардың бірқатар сұрақтарына жауап берсе, кітапхана қызметкерлері көрініс қойып, "Әкім аға тілеулестері" республикалық бірлестігінің мүшелері ақын ағаның өлеңдерін оқып, ізгі ниет-тілектерін білдірді.

????Кештің қорытынды бөлімінде Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, Сарысу аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова, Қазығұрт ауданынан келген аудандық мәслихат депутаты Айбек Молдасапар, жазушы Құралбек Ергөбек жазушының шығармашылығы жайлы өз ой-пікірлерін білдірді.

????Кеш қорытындылар тұста Шымкент қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Әкім ағаға деген алғыс хатын тапсырып, арнаулы шапанып жапты.

????Қалалық мәслихат депуттаттары Талғат Ысқақов, Талғат Балтабаев және Ордабасы, Сарыағаш, Келес, Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары да құттықтау сөз сөйлеп, кешті қорытындылады.

????Кеш модераторы — кітапхана директоры, ф.ғ.к Анар Жаппарқұлова.

#Alfarabikitaphanasy2023