"Ата заң — елдігімнің еңсесі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
30 тамыз- Қазақстан Республикамының Конституциясы күніне орай кітапханамызда "Ата заң — елдігімнің еңсесі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.
Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар қойылып, жалпы оқырман қауымға таныстырылды.
Сонымен қатар кітап көрмесімен танысушыларға сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіретіндігі, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні хабарланып, қай салада болсын адал жұмыс жасау керектігі айтылды.
#Alfarabikitaphanasy2023