Жаңалықтар

Тұғырлы Түркістаннан - Шұғылалы Шымкентке — 3

Тұғырлы Түркістаннан - Шұғылалы Шымкентке — 3

????Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бес жылдыққа - бес әдеби сапар» шарасы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті.

????Әдеби-мәдени байланысымызды арттыратын аталмыш шараны Түркістан облысы Мәдениет және Туризм басқармасының Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мұқағали Кенжетайұлы мен Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Алмас Ерғалиұлы ашып берді.

????«Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясына Шымкенттік кітапханашылар, қаламгерлер 2000-ға жуық кітап сыйлады. Атап айтар болсақ, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы 500, Б. Оразымбетов 320, Б. Алдияр 126, С.Қасымбек, Б. Нарымбетов 80, Д. Айманбет 30, Көшеров Ә. 23, Қалалық Жасөспірімдер кітапханасы 23, З. Жантасова 20, С. Мергенбай 20 және т.б қаламгерлер мен кітапханашылар кітаптарын тарту етті.

????Рухани шараның екінші бөліні Қайырымды қала залында қаламгерлердің басқосуымен жалғасты. Қаламгерлер басқосуын журналист, Төребек Байтасов жүргізіп, жиналған қаламгерлер ізгі тілектерін арнап, ақындар арнау оқып тарқасты.

#Alfarabikitaphanasy2023