Жаңалықтар

"Ардакүрең Атанбек" атты кездесу кеші өтті

????Бүгін кітапханамызда ақын, жазушы, журналист Атанбек Наурыз ағамыздың шығармашылығына арналған "Ардакүрең Атанбек" атты кездесу кеші өтті.

????Кештің алғысөзін Атанбек ағаның шығармашылығы жайында көрнекті жазушы Захардин Қыстаубаев ағамызға ұсынылды.

????Бір басына бірнеше өнерді тоғыстырған ардакүрең азаматтың бітім-болмысын қаламдас достары мен әріптестері Сарманбай ИСАҚ, Сабырбек Олжабай , Айгул Мамыт , ардагер ұстаз Мамыркүл Тілеуқабылова және тағы басқа да кеш қонақтары келелі ой-пікірлерін айтып, қызықты естеліктерімен бөлісті.

????Өз кезегінде оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

????Кеш модераторы — кітапхана директорының орынбасары Асылзат Оспанқызы.

#Alfarabikitaphanasy2023