Қазақстан Журналистер одағы мен Әлем Халықтары Жазушылары одағының мүшесі, «Алтын әліппе» атты прозалық шығармалар жинағының авторы Тұңғышбай Ләтабашұлы Төрегелдиев кітапханамызға арнайы келіп, «Әлем Халықтары Жазушылары одағының энциклопедиясын» және аталмыш одақтың мүшесі Болат Құрманғажыұлы Әкежанның кітапханамызға тарту етуін аманаттаған «Жылып өткен дүние», «Зерде», «Өркеш», «Тасжарған», «Тек» атты кітаптарын табыстады.
Кітапханамызға келген жаңа кітаптармен танысып, білім нәрінен сусындаңыздар..