Жаңалықтар

«Абай рухы — ұлт болашағы» атты Абай оқулары байқауы өтті

????Әл Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасының "Ақерке" балалар.залының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына — 178 жыл толуына орай «Абай рухы — ұлт болашағы» атты балабақша бүлдіршіндері арасында Абай оқулары байқауы өтті.

????Байқауға «Нурлы таң», «Қайнар бұлақ», «Нұртас» балалар бақшасының бүлдіршіндері қатысып, Абай өлеңдері мен аудармаларын жатқа айтудан жарысты.

⚜️Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бас жүлдені Аят Омар, І орынды Байдәулет Меруерт еншілесе, ІІ орынмен Қадырбек Заңғар марапатталды. ІІІ орынды Күмісбек Медина, Бақыт Гүлімнің қанжығасына байланды.

#Alfarabikitaphanasy2023