Жаңалықтар

«Мобильді QR-кітапхана»

????«Мобильді QR-кітапхана»????

???? Шымкент қаласының ел көп жиналатын автобус аялдамаларына "Мобильді QR-кітапхана" орнатылды.

???? Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес, құралы. Мемлекет басшысы цифрландырудың маңызын осылай түсіндірді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет. Осы тұста, руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық беріле бастады.

???? Электронды кітаптың ыңғайлы түрінің бірі – «мобильді смарт кітапхана». Бұл қосымшаны смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта телефонындағы Play Маркеттен «QR-код» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар. Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиямен қалмай қатар жүруге, және барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі.

???? «Мобильді QR-кітапхана» шарасы барысында викториналық ойындар ойнатылып, оқырмандармен пікір алыстық. Бүгінгі таңдағы кітап оқу мәселелелері бойынша ой-бөліс өтсе, әдеби викторина жеңімпаздарына арнайы естелік сыйлықтар тапсырылды.

#Alfarabikitaphanasy2023