Зубайда Керімбаева авторлық еңбектерін кітапханаға сыйға тартты
Бүгін кітапханамызға “Майлықожа Сұлтанқожаұлы поэзиясының тілі” (лексикасы мен грамматикасы) кітабының авторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Зубайда Керімбаева ханым келіп, авторлық еңбектерін кітапханаға сыйға тартты.
Оңтүстік өлкесіндегі айтыс өнерінің негізін қалаған Майлықожа бабамыздың поэзия тілі қызықтырса кітапханамызға келіп, оқып-танысуларыңызға болады!
#Alfarabikitaphanasy2023