Жаңалықтар

АҚСУ - АРЫМДАЙ, ЖАБАҒЫЛЫ - ЖАНЫМДАЙ

⚜️АҚСУ - АРЫМДАЙ, ЖАБАҒЫЛЫ - ЖАНЫМДАЙ

⚜️Өлкеміздің ақын-жазушылары мен зиялы қауым өкілдері қабырғалы қаламгер, көрнекті журналист Мархабат Байғұт ағамыздың туған күніне орай, туған жеріне саяхаттап, туған күнінде ашылған ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып, құран бағыштап қайтты.

⚜️Көзі тірі тарих - Мекемтас Мырзахметұлы мен Хан-апа атанған - Ханбибі Есенқарақызы бастаған қауым, Қазақтың Шерханы негізін қалаған Мархабат ағамыздың саялы бау, мәуелі бақшасын аралап, замандас-қаламдастарын еске алды.

⚜️Шығармашылығымен мың жасайтын қарымды қаламгердің туған жерінің тарихынан, оқырмандарының жүрегінен мәңгі орын алғанына тағы бір көз жеткізіп қайтты!

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/808584157651066/

#Alfarabikitaphanasy2023