«Әкеге тағзым» атты кітап болып жарыққа шықты
Оңтүстік өңірінің тумасы, қарымды қаламгер Ілияс Қожабаевтың тағылымды тағдыры жайындағы замандас-достарының жылы естеліктері мен пікірлері әдебиет сыншысы Әшірбек Сығайдың топтастыруымен «Әкеге тағзым» атты кітап болып жарыққа шықты.
Өнегелі өмір иесінің тағдыры арқау етілген жаңа жинақтың 9 данасын жазушының ұлы Қожабаев Нассень Ілиясұлы арнайы келіп, кітапханамызға табыстады.
Сондай-ақ, дарынды қаламгердің ұлы, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мол еңбек сіңірген талантты ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қожабаев Жұмаділла Ілиясұлының еңбек жолы, игі істері баян етілген жаңа еңбек те кітапханамызға тарту етілді.
Кітапханамыздағы бұл жаңа жинақтар алдағы уақытта қаламыздың өзге де көпшілік кітапханаларына таратылып, қалың оқырманға жол тартпақ.
#Alfarabikitaphanasy2023