Асылзат Арыстанова «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан «МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ «OPENAIR-2023» ФЕСТИВАЛІ аясында Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары, ұзақ жыл кітапхана саласында жұмыс істеген кәсіби маман Асылзат Арыстанова «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Саналы ғұмырын кітапхана жұмысының өркендеуіне арнап келе жатқан кәсіби маман, мәдениет майталманы Асылзат Оспанқызын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақыттағы істеріңіздің табысты болуына тілектестік білдіре отырып, сізге қажымас мол қайрат, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
#Alfarabikitaphanasy2023