Жаңалықтар

«Жауынгер. Жазушы. Журналист» атты әдеби кеш болып өтті

????Кітапханамызда майдангер жазушы, журналист, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Жауынгер. Жазушы. Журналист» атты әдеби кеш болып өтті.

????Детектив жанрының дарабозы саналатын қаламы қуатты жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кешке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Ж.Асылов, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы С.С.Шакеев және ардагер ағалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

✨Кеш барысында заңғар жазушының таңдамалы шығармалары топтастырылған 5 томдық және 2 томдық жаңа кітаптарының тұсауы кесіліп, қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен көпшілік кітапханаларына,ардагер ағаларға Кемел Тоқаев атындағы қоғамдық қорының атынан арнайы табыс етілді.

⬇️Майдангер қаламгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттауды мақсат еткен кеште республика көлемінде ұйымдастырылған «Солдат соғысқа кетті» автобиографиялық романы бойынша эссе жазу байқауының үздіктері анықталып, жеңімпаздарға Кемел Тоқаевтың жаңа кітаптары сыйланды.

⚜️Әдеби кешке М.Әуезов атындағы ОҚУ мен ОҚМПУ студенттері де қатысып, қарымды қаламгердің шығармаларынан әдеби компазиция орындады.

????Кеш модераторы: кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева.

#Alfarabikitaphanasy2023