«Кітап әлемі — ғажап әлемі» атты ашық есік күні өтті
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында 23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап әлемі — ғажап әлемі» атты ашық есік күні өтті.
Іс-шараға қаладағы «Мыңбала» бастауыш мектебінен «4в» сынып оқушылары қатысып, кітапханаға саяхат жасады. Жорабекова Ақмарал жетекшілік ететін сынып оқушыларына планетарий залы ерекше ұнады.
#Alfarabikitaphanasy