Жаңалықтар

«Ислам - терроризмге қарсы дін»

⚜️ «Ислам - терроризмге қарсы дін»

рухани іс-шара.

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер» бөлімінде «Ислам - терроризмге қарсы дін» атты рухани іс-шара өтті.

Іс - шараға Әл-Біләл мешітінің найб имамы Жандәулет Садырбай мырза , Шымкент университетінің студенттері, және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Әл - Біләл мешітінің найб имамы Жандәулет Садырбай мырза кітапхананың Муфтият бұрышымен танысып, Ислам діні мен қоғамда орын алған терроризм жайлы ақпарат беріп, көпшілікті діни сауаттылыққа шақырды.

Дін төңіргендегі көкейлеріндегі сұрақтарын қойған Шымкент университетінің студенттері толыққанды жауап алды.

Кешті модератор - кітапхана қызметкері Тұрсынбай Ешімов қортындылады.

#ӘлФарабикітапханасы #Шымкент