Жаңалықтар

«Поэзия - сөз өнерінің алтын тәжі» поэзия кеші

⚜️ «Поэзия - сөз өнерінің алтын тәжі» поэзия кеші

???? Әл - Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасында 21- наурыз Дүниежүзілік поэзия күніне орай «Поэзия - сөз өнерінің алтын тәжі» атты поэзия кеші өтті.

????Кеш конактары Ұстаз, ақын, жазушы, Түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі Марғуба Мұхтар, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, №90 дарынды балаларға арналған мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдарбекова Салтанат, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Эльмира Сәрсенбайқызы, ақын Айгүл Қалтайкқызы поэзия жайлы ой бөлісіп, өз туындыларынан үзінділер оқыды.

???? Шара барысында «Жас қаламгер» үйірмесінің шәкірттері әдеби композиция орындап, ақындарға сұрақтар қойып, өздерінің өлеңдерін тарту етті.

???? Жыр сүйер қауымның басын қосқан бұл кездесуде ақындар жана шығармаларын кітапхана қорына тарту етіп, поэзия әлемінің тереңдігін окырмандарга сезіндірді. Шара соңында оқырмандарга арнайы жасақталған кітап кермесі таныстырылды.