“Ұрпаққа үлгі болған ерлік”
Кітапханамызда Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай “Ұрпаққа үлгі болған ерлік”тақырыбында ерлік сағаты өтті.
Кешімізге ауған соғысының ардагерлері Алиев Есебалы және
Абитаев Омарбек ағаларымыз қатысып, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, жастарға патриоттық тәрбие беру жайында кеңінен әңгімелеп берді.
Шараға М.Өтебаев атындағы жаңа жоғары технологиялар колледжінің мұғалімдері мен студенттері және "Дарынды балаларға арналған N 1 мамандандырылған lT лицей - интернатының" кітапханашысы мен оқушылары қатысты.
Ерлік сағатын кітапхана директоры ф.ғ.к. А.А.Жаппаркулова қорытындылады.
Кеш модераторы кітапхана қызметкері Т.Қ.Ешімов.
#Alfarabikitaphanasy
#Shymkent2023