«Құқық бұзушылыққа жол жоқ»
Кітапханамызда «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» атты ой–пікір алмасу сағаты өтті.
Іс-шараға Қаратау аудандық полиция басқармасының полиция капитаны М.Тогаев, Шымкент қаласы заң палатасының заңгері А.Беркінбай және ОҚМПУ құқық магистрі А.Алимкулова қатысты.
Кеш барысында заң қызметкерлері, студенттер мен оқушыларға құқық, құқықтық сауаттылық , балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы ой – пікірлерін ортаға салып, оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Шараға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері мен №80 ЖОББМ-нің оқушылары қатысты.
#Alfarabikitaphanasy
#Shymkent2023