«Шәкәрім оқулары» байқауына кітапханамызда іріктеу жұмысы жүргізілді
Шәкәрім мұралары жалпы адамзатқа ортақ қазына. Шәкәрім ойының тереңдігі, мақсаттарының биіктігі, адамзатты әділетті сүю үлгісі бүгінгі ұрпаққа ғана емес, келер ұрпаққа да өнеге болары ақиқат.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай оқушыларды дана бабамыздың мұраларын танып, зерттеуге ынталандыру мақсатында өтетін «Шәкәрім оқулары» байқауына кітапханамызда іріктеу жұмысы жүргізілді.
Іріктеуге 5 – 7 сынып аралығындағы 14 оқушы қатысып, сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен Кәдірхан Дінмұхаммед және Бескен Нұрсая іріктеуден өтіп, онлайн байқауға жолдама алды.