«Түркі өркениетінің руханияты»
Түркі мемлекеттері ұйымы 2023 жыл «Түркі өркениетін дамыту жылы» деп жариялануына орай, кітапханада «Түркі өркениетінің руханияты» атты танымдық сағат өткізілді.
Қоғамдық келісім мекемесінен, этномәдени бірлестіктен Әзірбайжан,Ұйғыр,Өзбек ұлтының өкілдері қатысып, Түркі халықтарының мәдени, әлеуметтік және саяси жаңғыруы жайында және түркі өркениеті туралы өз ойларын ортаға салды.
Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің оқытушылары мен оқушылары шараға қатысып, пікірлерін ұсынып, көкейкесті сұрақтарына жауап алды.
Кеш модераторы – ф.ғ.к,ОҚМПУ-нің аға оқытушысы Тоғатай Омаров.
#Әлфараби
#Түркіөркениеті