Жаңалықтар

«Өмір өсиет» және «Астрономия» энциклопедиясы кітаптарымен толықты

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры жазушы-болашақгер, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрынғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі Жүніс Сақұрпағының ғалам құпиясы жөнінде қызықты да қажетті мағлұматтар беретін «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романының жалғасқан томдары, анасы Мейірманұрпағы Құлханыс туралы жазған «Өмір өсиет» және «Астрономия» энциклопедиясы кітаптарымен толықты.

⚜️Энциклопедияда астрономия ғылымының өз оқырманын қызықтыра түсетін бүгіндегі барлық жаңа салалары мен жетістіктері қамтылған. Қазақ жері мен өзге елдерге бастау алған астрономия тарихынан бастап, астрономиялық бақылау құралдары мен астротехниканың пайда болуы мен дамуы қамтылған арнайы ірі бөлімдерден тұрады: жұлдыздар, жұлдыз шоғырлары, тұмандықтар, галактика т.б. Қазақ тілінде алғаш жарық көріп отырған бұл «Астрономия» энциклопедиясының маңызы зор.

⚜️Кітаптар көпшілік оқырманға арналған.

#Әлфараби

#Жаңакітап