Жаңалықтар

Төлен Әбдіктің шығармашылығына байланысты әдеби-талқылау кеші болып өтті

⚜️ҚР Мәдениет Министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2023 жылы таңдалған қаламгер Төлен Әбдіктің шығармашылығына байланысты әдеби-талқылау кеші болып өтті.

????Тырнақалды туындыларымен-ақ әдеби қауымның назарын өзіне аудартқан Төлен Әбдіктің қазақ әдебиетінде орны ерекше. Өзгеше қалыпты шығармаларындағы тосын өрнектер мен оқырманын жаңа бір ой белесіне жетелеген тың идеялар арқылы әдебиетке «жаңалық» боп енген қаламгер қазіргі таңда «шын мәніндегі жазушы, әдебиет әлемінің мэтрі» ретінде толық мойындалған.

????Қаламгердің «Оң қол» және «Ақиқат» повестері таңдап алынған әдеби-талқылау кешіне Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «ALQA» әдеби бірлестігі мен кітапхананың кітап құмар озат ойлы оқырмандары қатысты.

????Төлен Әбдік шығармашылығы жайлы құнды ақпараттар айтылған кеш барысында қаламгердің «Оң қол» повестінің желісі бойынша түсірілген фильм көрсетіліп, әдеби версинаж таныстырылды.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/531069115509712/

#Әлфараби

#Бірелбіркітап

#ТөленӘбдік