Жаңалықтар

Қонақкәде

???? Қонақкәде

⚜️Кітапханамызға құрметті қонақ болып тарихшы, саясаттанушы Жандос Каринбаев мырза келді. ҚР Президентінің жанындағы МБА, Дипломатия институтының аға оқытушысы құр келмей, Қазақстанның Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған дипломат, жазушы, бірнеше мақалалардың және екі кітаптың тең авторы Марғұлан Баймұхан мырзамен бірлесіп шығарған “Қазақ-Поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында” атты тарихи маңызды кітаптарын сыйға тартты.

⚜️Бұл кітап қазақ-поляк дипломатиялық байланыстары орнауының 30 жылдығына арналады.

⚜️Екі ел арасындағы саяси байланыс пен танымал тұлғалардың тарихи мысалдарын оқып-білгіңіз келсе, кітапханамыздың қорынан алып оқуға шақырамыз!

#Әлфараби