Жаңалықтар

«Кітапхана және мобилография»

Бүгін 26 желтоқсан Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Кітапхана және мобилография» тақырыбында кітапханашылардың заман талабына сай кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Мобилография қарапайым және оңай бейнелерді жасау өнері екені баршамызға белгілі. Тренингте қазіргі заманауи сұранысқа ие сала мобилографияны кітапхана ісінде пайдаланудың маңызы жайында ақпараттар берілді.

Семинар-тренингке қатысқандар мобилография саласында қолданылатын VideoLeap, CapCut, Canva, Telegramm, SaveAsBot, LyBot және тағы да басқа бірнеше қосымшалармен жұмыс істеуді үйренді.

Семинар-тренинг соңында белсенді қатысушыларға сертификат табысталды.

#Әлфараби

#Мобилография