Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық!
Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық!
«Парасат», «Барыс» ордендерінің, халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының» иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», қайраткер қаламгер, жерлесіміз Ханбибі Есенқарақызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 28 желтоқсандағы жарлығымен мемлекеттік стипендия иегері атанды.
Хан қызындай Ханбибі апамыздың ел руханиятын дамыту жолындағы ерен еңбегіне сәттілік тілей отырып, мықты денсаулық, отбасына амандық, сарқылмас қуат, шығармашылық табыс тілейміз!
#Әлфараби
#Ханапа
#Мемлекеттікстипендия