Үйірме
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен.
Рухани мәдениеттілік адамзаттың асыл бастауы. Тәрбие - бұл эстетика, жалпы өнерді түсіну үлкен бақыт. Баланың ой өрісінің қалыптасуы күрделі процесс. Білім беру жүйесіне құрамдас баланың шығармашылық қабілетімен дербестігін дамытатын ұтымды тағы бір жолы үйірме екені белгілі. Баламен жұмыс істеу оңай, себебі олардың сурет салуға,қағаздан әр түрлі бұйымдар жасауға деген сүйіспеншіліктері ерекше.
#Әлфараби
#Үйірме