«Кітапханадағы тосын сый» шарасы қысқы демалыс кезінде өткізілді. Шара барысында 2022 жылдың нәтижесі бойынша көркем әдебиетті ең көп оқыған оқырмандарға кітапхана директоры
А. Жаппаркулова «Жылдың үздік оқырмандары» дипломы мен қаламыздағы кинотеатрларда жүріп жатқан жаңа фильмдерге билеттер табыстады.
Сондай - ақ, шара барысында оқырмандар арнайы сөредегі мерекелік мұқабаның астында жасырылған тосын сыйды ұтып алу мүмкігдігіне ие болды.
Ол үшін жазушылардың шығармаларынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қазақ классиктерінің шығармалары мен мотивациялық кітаптар және Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының жаңа қойылымдарына билеттер берілді.
Шараға оқырмандар белсене қатысып, кітапханамызға жаңа келген кітаптармен танысты.