Жаңалықтар

"Тәуелсіздік - ел тұғыры"

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметі, Түркістан облысы бойынша Департаментімен бірлесіп, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Тәуелсіздік - ел тұғыры" тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізді.

⚜️Кеш барысында кітапхананың көрмелік-бұқаралық іс-шаралар секторының қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жақыпов арнау айтып, Өнер әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі, кітапхана саласының ардагері Сәуле Бисейтова әсем ән орындады. Кешке қатысушы сарбаздар кітапханашыларымыздың дайындаған "Еліміздің еркіндігі -Тәуелсіздік!" тақырыбындағы көрмемен танысты.

✅Кеш модераторы - көрмелік-бұқаралық іс-шаралар секторының меңгерушісі Санат Пазыл.

#Әлфараби

#Тәуелсіздік