Жаңалықтар

"АҚТҮН" кітабының таныстырылымы өтті

????Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Айтұма" және "Хұснихат" жыр жинақтарының авторы, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің, Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің "Баспасөз және электронды БАҚ" кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Әліқожаның сыршыл сезімнен туған тұнық лирика мен мөлдірлікке толы "АҚТҮН" кітабының таныстырылымы өтті.

???? "АҚТҮН" - табиғат пен көңіл-күй үндестігінің шынайы көрінісі. Ішкі иірімі терең де тұңғиық. Сыршыл ақын өз өлеңдерінде ұлттық болмысын сақтай отырып, музаға деген іңкәр көңілін, жүрек үнін сездіре білген.

????Кітап барша жырсүйер қауымға арналған.

#Әлфараби

#БауыржанӘліқожа

#АҚТҮН