"Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат"
Кітапханамыздың мәжіліс залында көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тілші ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті дипломат, Сауд Арабиясындағы Кеңес одағының алғашқы елшісі Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай "Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат" тақырыбында ғылыми-көпшілік конференция өтті.
Мәжіліс залының жанында дипломатия көшбасшысының өмірі мен қызметінен беретін "Түркіні түгендеген тарлан талант" тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Конференцияның алғы сөзін кітапхана директоры, ф.ғ.к Анар Абусайылқызы сөйледі.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазретәлі, ОҚМПУ филология факультетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к Нариман Нұрпейісов, М. Әуезов атындағы ОҚУ доценті, т. ғ. к Қарибаев Сарсебай мен "Саясаттану" кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. к Мәжінбеков Сәкен мырзалар Нәзір Төреқұловтың шығармашылығы мен өмірін, мол мұрасы мен қайраткерлік тұлғасын танытатын баяндамаларымен бөлісті.
Ғылыми-көпшілік конференцияға ЖОО ғалымдары, студенттер, мектеп оқушылары мен кітапханашылар қатысты.
Модератор - ҚР Мәдениет қайраткері, Саяси Қуғын-сүргін Құрбандары Музейінің директор орырбасары Гүлмира Алдоңғарқызы.
#Әлфараби
#Конференция
#НәзірТөреқұлов