Жаңалықтар

"Дауыс" антологиясының таныстырылымы өтті.

???? "Дауыс" антологиясының таныстырылымы өтті.

???? Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазіргі қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары топтастырылған "Дауыс" антологиясы оқырманға таныстырылды.

???? Кітапханамызға 18:47 әңгімелер жинағының авторы Досхан Жылқыбай, "Жасыл шатырлар" әңгімелер жинағының авторы Бақытбек Қадір, "Параллель және" Махаббатым-Constant" романдарының авторы Әлішер Рахат, әдебиет порталында ең көп оқылған "Ұлжан", " Мен он төртке толғанда" әңгімелерінің авторы Жәудір Нартай арнайы келіп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыр-сұхбат өткізді.

????Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к Тоғатай Омаров жас қаламгерлердің шығармашылығына талдау жасады.

????"ALQA" әдеби бірлестігінің студенттері Орынхожа Мадина мен Сатбаева Айкен жазушылардың әңгімелерін оқып,, оқырмандық ой-пікірін білдірді.

???? Ең үздік әңгімелері жинаққа енген қарымды қаламгерлер оқырман қауымға қолтаңбалары қойылған, кітаптарды сыйға тартты.

????Кеш модераторы — Санат Еңсебекұлы.

#Әлфараби

#Антология

#Дауыс