Жаңалықтар

Табысты болудың кілті - кітапта - 01

✨Табысты болудың кілті - кітапта - 01

⚜ Кітапханамызда кітап оқу арқылы жетістікке жеткен адамдарды үлгі ету мақсатында «Кітап оқу – жетістікке апарар жол» атты кездесу кеш өткізілді.

Кеш кейіпкерлері Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, «Бал Текстиль» ЖШС директоры Ысқақов Талғат Жүнісбекұлы, кәсіпкер, «Капитал - Надзор» ЖШС қаржы қадағалау агенттігінің бас директоры Кеутаева Айша Әлжанқызы жастарға өнеге алардық ақыл – кеңестерін беріп, сүйіп оқитын шығармаларынан үзінділер айтты. Кітапхана қызметкерлері Санат Пазыл, Нұрсәуле Абдрамбаева және М.Әуезов атындағы ОҚУ – нің «Мәдени тынығу жұмысы және музыка» факультетінің студенттері Бегалы Бектөре, Дәулетбай Рамазан әдеби композиция орындаса, «Түркістан сарайы» мәдениет үйінің әншілері Саят Төрехан мен Сәбит Мұқан әннен шашу шашты.

⚜ Талғат Жүнісбекұлы кітапханаға өзінің кітабын және «Бал Текстиль» ЖШС- нің жаңа коллекциясының кілемдерін сыйға тартты.

⚜ Кітапханамыздың директоры Анар Абусайылқызы кешті қорытындылап, қонақтарға алғысын білдіре отырып, кітапхана атынан кітап сыйға берді.